Павлодар әуежайының жөндеу жұмыстары 2026 жылы аяқталады
Былтыр басталған Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жұмыстары 2026 жылдың шілде айында аяқталады. Ал, қажетті қаражат заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару есебінен беріледі. Бүгінде Үкімет арнайы қордан 9,3 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдап, бұл қаражат арнайы есепшотқа түсті. Қайта жаңарту жобасы ұшу-қону жолағын 45 метрден 60 метрге дейін кеңейтуді, заманауи жарық орнатып, бейнебақылау және дренаж жүйелерін жөндеуді қамтиды. Бұның бәріне 16,4 млрд теңгені қарастырылған. Бүгінде жоспарланған жұмыстың 47%-ы орындалды. Естеріңізге сала кетейік, аймақта былтырдан бері әуе қатынасы тоқтаған. Тіпті, қаржы болмауы себепті ұшу алаңындағы жөндеу жұмыстары 2027 жылға дейін созылады деп хабарланған.
Ариман Омар, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:
Қазынашылықта біз арнайы шот аштық. Соған толық ақша түсті. Арнайы келісімшарттар түгел жасалды. Енді оны игеруге болады.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16