Басты Жаңалықтар Қарағанды - Жезқазған тасжолын жөндейтін мердігер анықталуда

Қарағанды - Жезқазған тасжолын жөндейтін мердігер анықталуда

Қарағанды мен Ұлытау облысын жалғаған күре жолдың сапасына сын көп. Жезқазған-Қарағанды тасжолының бүгінде сау жері қалмаған деп, тұрғындар арнамызға шағымданды. Ескірген жолдың салдарынан апат та азаймай тұр.

Қарағанды-Жезқазған тасжолы 1965 жылы салынған. Содан бері еліміздің оңтүстігі мен солтүстігін қосатын күре жол күрделі жөндеу көрмеген. Жалпы ұзындығы 513 шақырым. Оның 335-і Ұлытау облысының аумағында. Көлік дәлізін жаңғырту мәселесі бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Алайда құрылыстың басталатын түрі жоқ.

Жоба бойынша қайта жаңғырту кезінде қазіргі қолданыстағы жол бұзылмайды. Қасынан жаңа екіжолақты жол салынады. Кейін ескі бөлігі де жаңғыртылады. Құрылыс басталғанша тасжолдың ең нашар бөліктері жөнделмек. Қос өңірді жалғаған күрежол 3 жылдан соң түйісіп, құрылыс толық аяқталады деп жоспарлануда.

Бекбау Слямшаихов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалы бастығының орынбасары:

Осы жыл аяғына дейін мердігер анықталса, бірден ЖСҚ басталады. Қосымша мердігер вахталық қалашық салады. Дайындық жүреді. Келесі жылдың ортасына дейін құрылыс жұмыстары басталуы керек.


Бөлісу