Басты Жаңалықтар Дәмханаларда баға шарықтап тұр

Дәмханаларда баға шарықтап тұр

Мейрамхана мен дәмханаларда баға шарықтап тұр. Бір жылда орташа есеппен 13 пайызға өскен. Қымбатшылық әсіресе Қарағанды, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында байқалады. 20-23 пайыз аралығында. Ал Атырау, Алматы, Ақмоладағы дәмханаларда бағаның өсімі басқа өңірлермен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Шамамен 3-6 пайыз. Бір қызығы баға көтерілсе де, тамақтану орындарына баратындардың саны азайған жоқ. Керісінше, сұраныс артып келеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тек биыл 55 мейрамхана ашылған. Бұл былтырғы жылдан екі есе көп.

Елде мейрамхана саны екі есе көбейген

Жалпы, елде 17 мыңдай тамақтану орны бар. Оның 2,5 мыңы – мейрамхана болса, қалғаны дәмхана. Қазақстандық рестораторлар қауымдастығының айтуынша, оларға келушілердің саны  кейінгі бес жылда айтарлықтай көбейген. Соның ішінде отбасымен емес, жалғыз тамақтанатындар басым.

Тимур Ғайпанов, қазақстандық рестораторлар қауымдастығының мүшесі:

Бұл тенденцияның қайдан пайда болғаны туралы анализ жасадым. Ол карантиннен кейін басталды. Карантин кезінде көп адам жеткізу қызметіне үйреніп қалды. Көбінесе бойдақ және жас отбасылар келеді. Бала-шағасы бар адамдар келе бермейді.


Бөлісу