Басты Жаңалықтар Жасанды интеллектінің қазақ тіліндегі нұсқасы жасалды

Жасанды интеллектінің қазақ тіліндегі нұсқасы жасалды

Назарбаев университетінің мамандары жасанды интеллектінің қазақ тіліндегі нұсқасын жасап шығарды. Жаңа жүйе «OYLAN» деп аталады. Елдегі осы уақытқа дейін қолданыста жүрген CHAT GPT, GEMINI жүйелері алдымен ағылшын, орыс тілінде пайымдайды. Содан кейін ғана қазақ тілдеріне аударып, кейде қате сөйлемдер ұсынады. Ойланның артықшылығы сол - барлық тілде қызмет көрсеткенімен, ең алдымен қазақ тілінде ойланады. Қазақ Ұлттық тағамдары, Қазақстанның көрнекті жерлері туралы толыққанды ақпарат береді. Фотосурет пен аудио хабарламаларды қабылдайды. Ал: «видеогенерация енгізу – болашақтың еншісінде», - дейді құрастырушылары. Бүгінде «OYLAN-ның» 6 мыңдай қолданушысы бар және ең үлкен артықшылығы – қауіпсіздігі.

Ақылбек Мақсұтов, Назарбаев университеті жанындағы ақылды жүйелер мен ЖИ институтының деректер талдаушысы:

CHAT GPT бар, керемет құрал. Бірақ оған сұрақ жібергенде ашық сұрақ, жеке ақпарат болмайтын болса, онда ол қауіпсіз. Кейде адамдар медициналық анализдерін суретке түсіріп алады да, солай жібере салады. Ал ол жерде сақтандыру нөмірі, ЖСН болуы мүмкін. Оның бәрі Open AI-дың серверіне кетеді. Ол Қазақстанда емес. Ал «OYLAN-ның» басты айырмашылығы - серверлердің барлығы Қазақстан шекарасында орналасқан.


Бөлісу