Басты Жаңалықтар Қостанайда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты форум өтті

Қостанайда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты форум өтті

Бүгін Қостанайда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты форум өтті. 2019 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан шараның басты мақсаты – түрлі ұлт пен этносты бір ортаға ұйыстырып, бірлікті бекемдеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.

Шараға еліміздің әр өңірінен келген қатысушылар шеберлік сағат ұйымдастырып, қазақ тілін меңгерудегі өз тәжірибесін бөлісті.

Елдос Жұмағұлов, «Қоғамдық келісім» РМ басқарма басшысы:

Бұл форумның ерекше маңыздылығы – биыл Ассамблеяның 30 жылдығын атап өтудеміз, сол үлкен шара жиынтығында осы форумды өткізіп отырмыз. Форумға 150-ден астам қатысушы қатысуда. Барлық 20 өңірден деп айтсақ болады. Барлық этнос өкілдері, мемлекеттік тілді меңгерген жастар қатысуда.

Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақ тілін насихаттап, қолданыс аясын кеңейту үшін түрлі бағыттағы «Мың бала», «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» сынды бірнеше жобаны қолға алған. Қоғам да бұл салаға баса мән беріп келеді. Бүгінде Қостанай облысындағы 20 тілдерді оқыту орталығында  8 мыңға жуық адам білім алады. Олардың арасында өзге этнос өкілдері де бар.

Геннадий Шиповских, Сенат депутаты:

Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқан болатын, алдағы уақытта мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тіліне айналуы тиіс деп. Басты мәселе – біз қазақ тілін емін еркін қалай, оңай игере аламыз? Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе деген», яғни біз қазір жастардың контентімен жұмыс істеуге бел буып жатырмыз.


Бөлісу