Басты Жаңалықтар Қарағанды облысында арнайы экономикалық аймақ құрылады

Қарағанды облысында арнайы экономикалық аймақ құрылады

Қарағанды облысы Балқаш қаласында шағын экономикалық аймақ құрылып жатыр. Бұл-туристік қаланың экономикасын әртараптандырып, халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған маңызды жоба болмақ.

Шаһарда арнайы аймақ үшін 160 гектар жер телімі бөлінген. Қазір сол аумаққа инженерлік инфрақұрылымдар жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта мұнда құс фабрикасы, мыс өңдейтін зауыт және туристерге арналған дайын тамақ шығаратын кәсіпорын бой көтеруі мүмкін. Қазір инвесторлармен келіссөздер жүріп жатыр.

Қуатбек Жасұлан, Балқаш қаласы кәсіпкерлі және а/ш бөлімінің басшысы:

Әлеуетті инвесторларға шамамен 160 гектар жер бар. Бұл жердің қолайлысы мұнда ЖЭО бар. Көл және ауызсу құбыры жақын. Бұған қоса Балқаш мыс қорыту зауыты жақын жерде орналасқан.

Сондай-ақ металл өңдеу, логистика және энергетика саласына қатысты жаңа кәсіпорындар ашу үшін инвесторлар тарту көзделген. Соңғы екі жылда Балқашта 9 демалыс орны салынды. Оған кәсіпкерлер 3 млрд теңгеден астам инвестиция құйған.

Сапар Сатаев, Балқаш қаласының әкімі:

Туризм бағытында қонақ үйлерді, демалыс орындарын салатын аймақта жер телімдері дайын. Қаланың маңайында 8 жер телімін дайындап отырмыз. Ол шамамен 47 гектар жер бөлініп тұр. Сонымен қатар Шұбартүбек, Тораңғылықта қосымша 60 гектар жер қарастырылып жатыр.


Бөлісу