«Nazira Gold» ісі: Шымкентте 9 адам сотталды
Шымкентте «Nazira Gold» қаржы пирамидасына қатысы бар 9 адам сотталды. Олар әлеуметтік желі арқылы азаматтарды алдап, 16 миллиард теңге жинаған. Ұйым өзін алтын бұйымдар сатумен айналысатын кәсіп ретінде көрсетіп, салған қаржы 5 айда екі еселенеді деп уәде берген. Алайда халықтан жиналған 16 миллиардтың 14 миллиарды із-түзсіз жоқ. Ал қалған қаражатқа айыпталушылар туыстарының атына зәулім үйлер мен қымбат көліктер рәсімдеген. Бұл мүліктер тәркіленіп, жәбірленушілерге қайтарылмақ. Сот шешімімен ұйым жетекшісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның серіктестерінің жетеуі 5 жылға сотталса, 1 адамға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Мадияр Абдрасилов, Шымкент қаласының қылмыстық істер
жөніндегі ауданаралық сотының судьясы:
2025 жылдың мамыр айында «Nazira Gold» жобасын құрған кезіндегі басты мақсаты азаматтардың ақшасын тарту болған. Оны жүзеге асыру үшін тек қана кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мен орындау мүмкін емес. Әр млн теңге салым сомасын әр айда 20-41 пайыз аралығында үстінен ақша беретіні, 5 айдан соң салым сомасын толығымен қайтаратыны туралы да көрінеу орындалмайтын уәде берген.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбе облысында қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік нысандар салынуда
04.06.2026, 13:20
Соңғы бес жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
04.06.2026, 13:12
Биыл тағы 96 мектеп пайдалануға беріледі
04.06.2026, 13:09
Ел рәміздерінің мәні мен маңызын тұрғындар қаншалықты біледі?
04.06.2026, 13:06
Жетісу облысының 35 ауылында 35 Ту тұғыры ашылды
04.06.2026, 13:03
Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
04.06.2026, 13:00
Туризмнің ұлттық тарихи мазмұнына мән беріледі
04.06.2026, 10:20
Түркістанда ағзасын ауыстырған жандар арасында жарыс өтіп жатыр
04.06.2026, 10:19