Басты Жаңалықтар Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасында халықаралық кооперация орталығы құрылады

Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасында халықаралық кооперация орталығы құрылады

Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасында «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы іске қосылады. КСМ Орталық «Атамекен» және «Гүлстан» бақылау-өткізу бекеттері маңында орналасады. 100 гектар аумақта ірі кәсіпорындар жұмыс істейді. Жабық кешенде өндіріс және көтерме саудаға лайықты жағдай жасалады. Мыңдаған жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін жобалар жүзеге аспақ. Инвесторлар үшін салықтық жеңілдіктер де қарастырылады. Өзбекстан бүгінде Орталық Азиядағы негізгі сауда-экономикалық серіктестеріміздің бірі. Екі ел арасындағы өзара сауда-саттық көлемін алдағы бес жылда 10 млрд долларға жеткізу көзделген.

Арман Шаққалиев, ҚР сауда және интеграция министрі:

Бүгінде жалпы құны 220 миллион доллардан асатын 13 бірлескен жоба жүзеге асырылды. Мұнан бөлек, Қазақстан мен Өзбекстан болашақта 1,7 млрд доллар болатын 80- ге жуық жобаны қолға алмақ. Олар негізінен өнеркәсіп, көлік тасымалы, энергетика, ауыл шаруашылығы мен сауда салаларын қамтиды.
 

Бөлісу