Басты Жаңалықтар Контент жариялаушының кәсіби білімі болуы керек пе?

Контент жариялаушының кәсіби білімі болуы керек пе?

Қытайда блогерлерге қатысты заң күшейді. Олар медицина, қаржы, заң және білім сияқты салаларда талқы жүргізу үшін кәсіби білікті болуы шарт. Мұны ресми орган өкілдері қоғамды жалған ақпараттан қорғап, онлайн кеңістіктегі жауапкершілікті арттыру шарасы деп түсіндірді. Ал қазақстандықтар мұндай талапқа қалай қарайды?

Қытайда блогерлер әлеуметтік желідегі тікелей эфирлерінде заң, білім, медицина және қаражат сынды тақырыптарда пікір білдіріп, талқылауы үшін кәсіби білімі болуы шарт. Болмаған жағдайда контент жариялаушы 14 мың АҚШ доллары, теңгеге салғанда шамамен 7 жарым миллион теңге айыппұл төлейді. Бұл заң алғаш рет 2022 жылы қабылданған. Ал биыл бұл заң тағы күшейтілді.

Темірлан Нұржанұлы, тілші:

Талапқа сай Қытайдағы Douyin, яғни TikTok-тың жергілікті нұсқасы, Bilibili және Weibo секілді платформалар блогерлердің кәсіби біліктілігін растайды. Олардың контентіндегі дереккөздер мен ескерту белгілерінің дұрыс көрсетілгенін қадағалайды.

Дәл осындай заңға қазақстандықтардың пікірі қандай?

Ал депутаттың да пікірі осыған саяды. Миллиондаған аудиториясы бар контент-мейкерлердің білімі болмаса, олар қоғамға қауіпті деп отыр.

Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Кім көрінген халыққа шығып, көрінген затты айта беруге болмайды деп мен есептеймін. Мысалы, блогерлер миллиондаған өзінің оқырмандары бар, олар ертең жаңа айтып отырған кәсіби деңгейде өзі білім алмаған адам болмаса, ол мемлекетті төңкеріп жіберуі мүмкін. Сондықтан әр заттың бір реті болу керек. Ол заңмен реттелуі керек.

Дегенмен мұндай шектеу креативті ой иелерінің пікір айту еркіндігіне шектемей ме?

Жамаладен Ибрагимов, заң ғылымдарының докторы:

Біздің Конституциямызда сөз бен ой еркіндігі конституциялық құқы болып белгіленген. Цензураға тыйым салынады деп Контситуцияның бабында жазылған. Осы жерде бір мәселені айтқым келеді. Егер де кез келген маман азаматтың ойы, пікірі қоғамның дамуына, конституциялық құрылымына, азаматтардың денсаулығы мен имандылығына зиян келтіретін болса, заңмен оның құқығы шектеледі.

Контент жариялаушының өз саласында білікті болуы жалған ақпарат пен жансақ кеңестердің таралуын алдын алады. Бірақ мұндай шектеу қойылмаса да, әлеуметтік желіде парақшасын жүргізетіндер аудитория алдындағы жауапкершілікті білсе екен, - дейді мамандар.


Бөлісу