Ақтаудағы теңіз жаяу әскерінің бойы 2 метрден асады
Қазақстан Қарулы күштері тарихындағы ең бойшаң сарбаз Ақтауда қызмет етеді. Әлішер Назымбектің бойы – 2 метр 9 сантиметр. Оның әскерге шақырылғанына екі апта болған. Қазір «Батыс» өңірлік қолбасшылығының теңіз жаяу әскерлері бригадасында «Жас сарбаз» курсын оқып жатыр.
20 жастағы Әлішер Назымбек Ақмола облысы, Далабай ауылының тумасы. Кәсіптік
білім беру ұйымын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша аяқтап, әскерге өз еркімен
келген. Ол бала кезінен-ақ қатарластарынан ерекшеленіп, мектепте де, колледжде
де көзге түскен.
Әлішер Назымбек,
сарбаз:
Менің бойым нағашы атама ұқсаған. Яғни нағашы жаққа тартқан. Үйге кіреберісте сыртқы есіктер болады ғой. Есіктен еңкейіп өтемін және киімдерді табу қиын болады. Мен оларды тапсырыс беріп тіктіртемін. Колледжде оқып жүрген кезімде 2 жыл кикбоксингпен, волейболмен айналыстым.
Жас жауынгерге 49-өлшемді аяқ киім табу оңайға соқпаған. Әскери бөлім басшылығы
оған киім-кешекті арнайы тапсырыспен тіктіріп, жататын кереуетін ұзартқан.
Нұрбол Шалабаев, Ақтау гарнизоны баспасөз қызметінің жетекшісі:
Теңіз жаяу әскері бригадасы Қазақстанда жалғыз болғандықтан бұл жаққа іріктеу өте қатаң түрде жүргізіледі. Ол біріншіден денсаулыққа байланысты. Бойына, салмағына аса мән береміз. Бұл уақытқа дейін бізде мұндай сарбаздар қызмет атқарған. Бойлары 2 метр 8 болған. 2 де 3, 2 де 4 болған. Соған орай біздің бригадамыз мұндай әскери қызметшілерге барлық жағынан дайын.
Әлішер Назымбек теңіз жаяу әскеріне баруды бала күнінен армандапты. Енді міне,
жуырда әскери ант береді. Бойшаң сарбаз келешекте жоғары білім алып, офицер
болуды мақсат етеді.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл
28.10.2025, 17:35
Республика күні – елдігіміздің нышаны
28.10.2025, 17:32
Шымкентте батпырауықтар фестивалі өтті
28.10.2025, 17:30
Арыстағы көшеттер жергілікті тұқымбақта өсіріледі
28.10.2025, 17:27
Бүгін – Халықаралық анимация күні
28.10.2025, 17:22
Үш мыңдай сарбаз мемлекеттік грантқа ие болды
28.10.2025, 17:20
Таразда тұрғындардың пешін тексеріп, мұржаларын тазалауда
28.10.2025, 17:17
Түркиядан «Күрдістан жұмысшы партиясы» толық кетті
28.10.2025, 17:15