Ақтөбе облысында жол апатына ұшырағандардың бесеуі жансақтау бөлімінде жатыр
12 адамның өмірін жалмаған жол апатында жарақат алғандардың барлығы Ақтөбе қаласына жеткізілді. Олардың бесеуі жан сақтау бөлімінде жатыр. Тағы бірі комада.
Жол апаты өткен аптада Әйтеке би ауданының аумағында болған еді. Жүк көлігі
қарсы бағытқа шығып кетіп, Жүргенов ауылынан келе жатқан шағын автобусты
соққан. Он жолаушы мен екі жүргізуші сол жерде қаза тапты. Алты адам Хромтау
қаласына жеткізілді. Жол апатынан кейін үкіметтік комиссия құрылды. Зардап
шеккендердің бірі бала. Оларға телемедицина арқылы астаналық білікті дәрігерлер
көмектесіп жатыр.
Әділет Жетібай, дәрігер-травматолог:
Үш науқас көптік жарақат бөлімшесінде ем қабылдауда, жағдайлары орташа ауыр. Бір науқас жансақтау бөлімшесінде жағдайы тұрақты ауыр, ем қабылдауда.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – ортақ үйіміз. Сондықтан еліміз таза, тартымды, мәдениетті болуы керек»
21.10.2026, 10:49
Алматыдан Павлодарға ұшып шыққан FlyArystan рейсі әуежайға оралды
21.10.2026, 10:11
Ыбырай Алтынсаринның туғанына – 185 жыл
21.10.2026, 10:10
Мақтаарал ауданындағы көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр
21.10.2026, 10:09
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 10:08
Хуситтермен қақтығыс күшейді
21.10.2026, 10:06
Пентагон чип өндіруге $ 1,5 млрд инвестиция салады
21.10.2026, 10:05
Кеденде ақпарат алмасу күшейеді
21.10.2026, 10:04