Шымкентте Қазақ – Ауған бизнес форумы өтуде
Шымкентте Қазақ – Ауған бизнес форумы өтіп жатыр. Шара екі ел арасындағы сауда байланыстарын дамыту мен өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Жиынға екі елдің үкімет өкілдері, кәсіпкерлер мен инвесторлар қатысуда. Форум аясында кәсіпкерлер өнімдерін ұсынған көрме өтті. Оған Ауған бизнес қауымдастығының 180 өкілі қатысып жатыр. Көрмеде кондитерлік өнімдер мен шырындар, көкөніс пен жеміс-жидектер, қолөнер бұйымдары, зергерлік әшекейлер, кілем өнімдері, сондай-ақ құрылыс материалдары ұсынылды.
Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Ұлттық экономика министрі:
Біз Ауғанстанмен қалыптасқан сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және энергетикалық байланыстарды сақтау мен одан әрі нығайтуға мүдделіміз. Қазақстан Ауғанстанды тұрақты және гүлденген көршілес елдермен бейбіт қатынаста болатын мемлекет ретінде көргісі келеді.
Өз өнімдерін шығарып, өз кәсіпорындарын ашып, осы жақта кәсібін дөңгелетемін деуші кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан отандық және шетелдік кәсіпкерлерге де бірдей қолдау көрсетіледі. Ара жігін айырмаймыз. Бірдей кәсіпкерлікті қолдау тетіктері қарастырылатын болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы