Ақтауда көпқабатты үйде газ жарылды
Ақтауда тұрғын үйде газ жарылып, бірнеше адам зардап шекті. Жарылыс жертөледе болған. Оқиға орнынан тілшіміз Аягөз Оралбайқызы тікелей эфирге қосылды. Аягөз, адамдар аман ба?
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Қайырлы күн, Айнұр! Жарылыс 32 шағын аудан «Азия» тұрғын үй кешенінің 83 үйдің жертөлесінде, таңертең сағат 9-да болған. Бұл 5 қабатты тұрғын үй. Газ жертөледегі кәсіпкерлік нысанда жарылған. Салдарынан екі ересек пен 3 бала зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген. Төтенше жағдайлар департаментінен оқиға орнына 5 техника мен 15 адам, жедел медициналық жәрдем бригадасы дереу жеткен. Құтқарушылар газ жарылысы өртке ұласқанын айтады. Қазір өрт толық өшірілді. Жарылыстан жертөле бөлмелері мен бірінші қабаттағы пәтерлердің терезелері, іргелес тұрған тас қоршау жартылай қираған. Бірнеше көлікке зақым келген. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аяқ-қолын 50 пайыз күйік шалған бір тұрғын жансақтау бөліміне жатқызылған. Газдың иісіне уланған тағы 3 бала дәрігерлердің бақылауында.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16