Басты Жаңалықтар Дональд Трамп үшінші рет президент сайлауына түсуге ниетті

Дональд Трамп үшінші рет президент сайлауына түсуге ниетті

АҚШ президенті 2028 жылғы сайлауға қайта түсу мүмкіндігін жоққа шығармады. Трамп бұл ойын Жапонияға бара жатқан жолда, ұшақ бортында журналистерге білдірді. Ол сондай-ақ мықты команда жасақтағанын және оған қарсы шығуға ешкімнің батылы жете қоймайтынын атап өтті. Бұған дейін Ақ үй басшысы бірнеше рет екінші мерзімі аяқталған соң қайта президент сайлауына түспейтінін және АҚШ Конституциясында белгіленген екі мерзімдік шектеуді ұстанатынын мәлімдеген еді. Алайда «Trump 2028» жазуы бар бас киімдердің сатылымға шығуы оның үшінші мерзімге түсуі мүмкін деген пікірлерді күшейтті. Сол уақытта Трамп бұл болжамдарды жоққа шығарып, өз мерзімін аяқтап, партия басшылығын жаңа көшбасшыға беруді жоспарлап отырғанын айтқан. Қазір мені қолдаушылдардың қатары қалың деп санайтын ол өз пікірін қайта өзгерткен секілді.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:
Мен мұны істегім келеді. Менің мансабымдағы ең жақсы көрсеткіштерім бар. Қазір рейтингім бұрын-соңды болмаған ең жоғары деңгейде – бұл таңғаларлық жағдай. Сонда мен мұндай мүмкіндікті жоққа шығаруым керек пе? Өзіңіз айтыңыз. Мен айта алатыным – бізде шынымен керемет команда бар.


Бөлісу