Басты Жаңалықтар Қазақстан мен Румыния экономикалық ынтымақты күшейтпек

Қазақстан мен Румыния экономикалық ынтымақты күшейтпек

Румыния мен Қазақстан экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты күшейтпек. Бұл туралы тараптар ел астанасы Бухарестте өткен іскерлік форумда мәлімдеді. Басқосуды еліміздің осы мемлекеттегі елшілігі мен «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы бірігіп ұйымдастырды. Шарада шетелдік кәсіпкерлерге Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктер, елдің көлік-логистикалық әлеуеті таныстырылды. Румындық компания өкілдері Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің жұмысына белсене қатысуға ниетті. Сондай-ақ Қазақстандық әріптестерімен энергетика, ауылшаруашылығы, цифрландыру саласында ортақ жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Былтыр екі елдің өзара тауар айналымы 2,92 млрд. долларды құраған. Тараптар биыл бұл көрсеткішті еселеуден үмітті.

Виорел Панайт, Констанца портының президенті:

Қазақстандағы инвестициялық климат өте қолайлы. Сол үшін біз Орталық дәліздің инфрақұрылымдық жобаларына қатысып, Каспий теңізі бойындағы порттар, Қазақстан, Грузия арқылы жүк тасымалдамақпыз. Болат өндіруге қажетті жасыл сутекті Қазақстаннан алып, тиісінше, таза экологиялық тыңайтқыштар тасымалдасақ деп отырмыз.

Корина Мартин, Қазақстанның Румыниядағы құрметті консулы:

Мен өз компаниямының филиалын Алматыдан ашуды көздеп отырмын. Және достарыма Қазақстанға инвестиция құюдың мүмкіндіктерін айтып келем. Қазақстан – тұрақты, қауіпсіз, бизнес жүргізуге қолайлы ел. Сондықтан қазір менің басты мақсатым – Румыния мен Қазақстан арасына тікелей әуе рейсін ашу.


 


Бөлісу