Қарағанды облысында «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында жаңа мектеп ашылды
Қарағанды облысы Сәкен Сейфуллин ауылында «Келешек
мектебі» ұлттық жобасы аясында жаңа мектеп өз жұмысын бастады. Республика күні
қарсаңында ашылып жатқан заманауи білім ордасы 300 орынға шақталған. Мектепте
STEM-зертхана, жаратылыстану, математика, робототехника және графикалық дизайн
кабинеттері бар. Барлығына жасанды интеллектпен жұмыс істейтін интерактивті
тақталар қойылған. Сондай-ақ қауіпсіздік шараларына ерекше мән берілген.
Полициямен тікелей байланыс орнатуға арналған дабыл жүйесі мен бейнебақылау да
бар.
Көмекбай Түсіпбеков, мұғалім:
Бұрынғы мектепте мұндай жағдай жоқ еді. Ескі құрал-жабдықтарды қолданатынбыз. Ал мұнда барлық жағдай бар. 10 шақты өңдейтін станоктар бар. Соларды көріп қуанып жатырмыз.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі шықты
23.10.2026, 13:15
Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар
23.10.2026, 13:12
Мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары ашылады
23.10.2026, 13:10
Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты
23.10.2026, 13:08
Бельгиядағы қазақстандық студенттер тың бастама ұсынды
23.10.2026, 13:05
Қыста елдорда тазалығына 1500 адам жұмылдырылады
23.10.2026, 13:02
Елде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді
23.10.2026, 13:00
Елордада «Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25