Мемлекеттік наградалар табысталды
Республика күнін ақтөбеліктер де ерекше қарсы алды. Ел дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтарға «Парасат», «Құрмет», III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендері мен «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдары табысталды. Ал өнер ұжымдары концерттік бағдарламаларын ұсынды.
Негізгі салтанатты шараның бірі биіктігі 91 метр болатын тутұғыр алаңында өтті. Мұнда қоғам дамуына ерекше үлес қосып жүрген азаматтар мен әскерилер шақырылған. Еңбек ардагерлері жастарды отанға адал қызмет етуге шақырды.
Ал «Өнер орталығында» мемлекеттік және қоғамдық қызметі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін 36 ақтөбелік мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Боран Ізбасов, облыстық Мәслихаттың депутаты:
Біз халықпен бірге болдық. Қазіргі жағдайда да Қазақстан халқымен, оның ішінде Ақтөбе халқымен бірге жүріп, осы елдің көркеюіне өз үлесімізді қосып жүрміз. Сондықтан бұл мемлекеттік марапаттың салмағы ауыр. Халықтыңң алдында әрқашан борыштымыз, халықтың алдында қызмет етуге әр уақытта дайынбыз.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі үшін марапатталғандардың арасында әр саланың өкілі бар. Бірі ауыл шаруашылығында, екіншілері өңірдегі ірі кәсіпорындарда еңбек етеді. Жұмысшы мамандықтар жылында өз ісіне адал еңбек адамдары да ұмыт қалмады.
Қуантай Әбішев, «АЙС Плюс» ЖШС инженері:
Техникалық институтты бітіріп, Ақтөбе облысына 82 жылы келдім. Содан бері сүт зауытында істеп келемін. Менің еңбегімді елеп, марапатқа ұсынған «АЙС» ұжымына рахмет айтамын. Үлкен дәреже.
Республика күніне арналған «Қыран елім - Қазақстаным» концерттік бағдарламасы да жоғары деңгейде өтті. Өнер ұжымдары жиналғандарға халқымыздың тарихы мен рухани құндылықтарын көрсетуге тырысты. Патриоттық әндер шырқап, ұлттық би мен күй тартысын ұсынды.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04