Басты Жаңалықтар Өскеменде мерекелік шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды

Өскеменде мерекелік шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды

Республика күніне орай Шығыс Қазақстан облысында 1 ай көлемінде жүзден аса шара ұйымдастырылды. Әр аудан мен қала түрлі жәрмеңке мен көрме өткізді. Ал бүгін облыс орталығында ұлық мерекені ұлықтауға арналған салтанатты жиын өтті. Онда облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов елеулі еңбегімен көзге түскендерге Президент атынан мемлекеттік марапатты тапсырды.

Өндірісті өңірде қазір өнімді істер тындырылып жатыр. Соңғы 5 жылда шығысқа 3 триллион теңгенің инвестициясы тартылған. Ал биыл тағы 1 триллион теңге  құйылған. Сондықтан ең басты мерекеде облыстың барлық салада жеткен жетістіктері сараланды.

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Алдағы 2 жылда облысқа кем дегенде 1,5 трлн теңге инвестиция тартылып, 780 мың шаршы метрден астам тұрғын үй мен 28 әлеуметтік нысан салынады, 1 мың шақырымнан астам жол мен көше жөнделеді.

Руханият саласында да ілгерлеушілік бар. Тек биылдың өзінде өңірде «Алтай түркі әлемінің алтын бесігі» және «Салбурын» халықаралық фестивалі өтті. Осы қос шараның өтуіне мұрындық болған жазушы-публицист Әлібек Қаңтарбав қатарлы бірқатар азамат мемлекеттік марапатқа ие болды.
Әлібек Қаңтарбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

Мен өзім ойлаймын, менің артымда бүкіл жазушы қауымы бар. Ақындар бар. Солардың барлығына берілген, руханият саласына берілген марапат деп түсінемін. Бұл енді «Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер» деген - бұл енді Қазақстандағы ең үлкен атақ. Сондықтан бұл атаққа лайықпын ба, лайық емеспін бе? Оны сол безбенге салған болуы керек. Содан бүгінгі күні алып отырмын, барлығына рахмет.

Ұлық мерекені ұлықтауға арналған салтанатты жиында өңірдің жан-жақты дамуына үлес қосып келе жатқан еңбек адамдары да марапатан тыс қалған жоқ. Бірқатары орден, медаль тақса, бірнеше азамат автокөлік мініп, 2-3 адамға облыс жұртшылығы атынан 2 миллион теңгеден сыйақы берілді.


 


Бөлісу