Әлеуметтік сала қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды
Премьер-министр Олжас Бектенов Әлеуметтік қызметкерлер күніне арналған форумға қатысып, Президенттің атынан мамандарды мемлекеттік наградалармен марапаттады. «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медалін табыс етіп, кәсіби мерекемен құтттықтады. Сондай-ақ Үкімет басшысы саланы цифрландыру бағытында қолға алынған жобаларға тоқталды. Мүгедектігі бар азаматтарға арналған бірқатар бағдарламаны атап өтіп, атқарылған жұмысқа жоғары баға берді.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Әлеуметтік қызметтер жүйесін дамыту және осы бағытта ең үздік халықаралық стандарттарды енгізу мемлекеттің басым міндеттірінің бірі. Бүгінгі марапатты Мемлекет басшының сіздердің ел алдындағы еңбектеріңізге деген жоғары сенімі, бүкіл қоғамның өздеріңізге деген шынайы алғысы деп қабылдаңыздар.
Амангүл Нұрлаева, Маңғыстау облысы әлеуметтік қызметтер орталығының директоры:
Мен осы салада 1988 жылдан бері еңбек етіп келемін. Еңбек өтілім - 37 жыл. Бұл сала өте қиын. Оны барлығы да біледі. Бұл жерде тек жүрегі кең, мейірімді жандар ғана жұмыс істей алады деп ойлаймын.
Жасанды интеллект жәрдемақы тағайындауға көмек береді
Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға жәрдемақы тағайындауға енді жасанды интеллект көмек береді. Форумда жуырда іске қосылатын жаңа жүйе де сөз болды. Ол отбасының цифрлық картасы арқылы базадан табысы төмен азаматтарды анықтай алады. Сондай-ақ тұрғындарға оның нақты сомасы, қашан шотқа түсетіні жайлы SMS жібереді. Мамандардың айтуынша, бұл жемқорлықтың жолын кеседі. Яғни, қаржылай көмектің тек шын мұқтаждарға жетуін қамтамасыз етеді.
Гүлбағила Болатбекова, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілі:
Айлық есептік көрсеткішке немесе ең төмен күнкөріс деңгейі дейміз, сондай азаматтарды ЖИ таңдап алып, автоматты түрде тағайындайды жәрдемақыны. Одан бөлек бәрі де база арқылы қай жерде, қай өңірде жұмыс орындары керек деген мәселелер де қамтылып, бүгінгі конференцияды талқыланды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы