Ақтөбе облысында жол апатынан зардап шеккендер орталыққа жеткізіледі
12 адамның өмірін қиған жол апатында жарақат алғандар санитарлық авиациямен Ақтөбе қаласына жеткізіледі. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, науқастардың жағдайы тұрақты ауыр.
Естеріңізге салсақ, кеше таңғы мезгілде Самара – Шымкент тас жолында жүк көлігі қарсы бағытқа шығып, Жүргенов ауылынан Ақтөбе қаласына келе жатқан «Газельді» соққан еді. Он жолаушы мен екі көліктің жүргізушісі сол жерде қаза тапты. Алты адам әр түрлі жарақатпен Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді. Оқиға орнына Ішкі істер министрлігінен арнайы топ пен білікті дәрігерлер барды. Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Денсаулық сақтау министрлігіне зардап шеккендерді Астанаға әкелуге тапсырма берген еді. Олардың жағдайын еліміздің білікті дәрігерлері телемедицина арқылы бақылап отыр.
Ерлан Сұлтангеррев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Бүгін үш науқасты тікұшақпен қалалық орталық ауруханаларына алып кетеміз, жеткіземіз. Телемедицина жасаймыз, қажеттілігі болса, біз Астанаға санавиация арқылы науқастарды жеткіземіз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы