Оралда «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды
Республика күні қарсаңында Оралдағы қалалық №52 мектепте «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды.
Сыныпқа қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған полиция қызметкері Байжан Қазиевтің есімі берілді. Салтанатты шарада 24 бала ант беріп, кадет класына қабылданды. Іс-шара ел тыныштығы жолында жанқиярлықпен қаза тапқан азаматтың ерлігін дәріптеу, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу және құқық қорғау саласына қызығушылығын арттыру бағытында қолға алынды. Бұл – өңірде ашылып жатқан төртінші сынып. Сабақ аптасына екі рет болады. Полиция қызметкерлері, арнайы мамандар да келіп бала оқытады. Тек тәлім-тәрбие беріп қана қоймай, оқушылардың физикалық жағынан дамуына да күш салады.
Мансұр Тасқали, оқушы:
Кадет сыныбына қабылданбастан бұрын біз арнайы тест тапсырдық жүгіру, секіруден. Мен өскенде полиция қызметкері болғым келгесін, осы кадет сыныбына қабылдандым.
Қадыржан Сағын, облыстық ПД басқармасының бастығы:
Жас сақшыларды өзіміздің отанымызды қорғауға тәрбиелеп, осы оқуды бітіргеннен кейін Ішкі істер министрлігінің оқу орнына түсуге бағыт-бағдар беру мақсатында жасалып жатқан іс-шара.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістанда қолөнер бұйымдарына сұраныс артып келеді
14.10.2026, 17:25
Абай облысында тағы 30 кітапхананы жөндейді
14.10.2026, 17:22
«TransLogistica Kazakhstan 2026» көрмесіне әлемнен 230 компания қатысуда
14.10.2026, 17:20
Саясаттанушы: Халық кеңесі – қоғам мен мемлекет арасындағы жаңа көпір
14.10.2026, 17:18
Жаңа қоғамдық этика: Мәдениет, әдеп, әдет
14.10.2026, 17:17
Конгода эбола вирусын жұқтырғандар 9 мыңнан асты
14.10.2026, 17:15
Бали аралына да жанармай тапшылығы жетті
14.10.2026, 17:14
Ресейде алтын мен бағалы металдан кіріс азайып кетті
14.10.2026, 17:12