Павлодарда «Тәуелсіздік ұрпақтары-2025» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Павлодар облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары-2025» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Байқау дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді. 35 жасқа дейін үміткерлер кәсіп, ғылым, білім, мәдениет, спорт, журналистика сынды он номинация бойынша сынға түседі. Биыл әр сала бойынша екі жеңімпаз анықталды. Оларға 500 мың теңгеден арнайы грант табысталды. Индира Садуақасова бес жыл бұрын мемлекет қолдауымен кәсібін ашқан. Жас кәсіпкер ет өнімдерін дайындаумен айналысады.
Индира Садуақасова, «Тәуелсіздік ұрпақтары-2025» байқауының жеңімпазы:
Біздің кәсіпорын шикізат өңдеумен айналысады. Еттен түрлі тағамдар дайындаймыз. Қалдықсыз өнім шығару технологиясын қолданып жатырмыз. Бүгінгі марапат менің жас кәсіпкер ретінде бастаған жұмысымның бес жылдағы нәтижесі деп ойлаймын. Мемлекетіміз бізге үлкен қолдау көрсетіп отыр.
Сондай-ақ бүгін озат оқушылар да марапатталды. 50-ден аса жеткіншекке «Тәуелсіздік ұланы» төсбелгісімен қатар 50 АЕК көлемінде сыйақы табысталды.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16