Басты Жаңалықтар Өзбекстанда Қазақстан медицинасының онкүндігі өтті

Өзбекстанда Қазақстан медицинасының онкүндігі өтті

Өзбекстанда өткен Қазақстан медицинасының онкүндігі аяқталды. Ауқымды шараның қорытындысы бойынша, 3 мыңнан аса тұрғын біздің мамандардан дәрігерлік кеңес алды.

Бас аяғы 70-ке жуық науқасқа күрделі бірлескен операциялар жасалды. Кордиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының, травматология және ортопедия ұлттық орталығының жетекші дәрігерлері Ташкенттегі емханаларда болып өз тәжірибесімен бөлісті. Әсіресе жүрек қан тамырлары, ішектің қабынуы ауруларын емдеудегі заманауи әдістерді таныстырды. Сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанның дәрігерлері артроскопия, эндопротездеу, табан хирургиясы, омыртқа патологиясын түзету бойынша бірлескен күрделі операцияларды сәтті жүзеге асырды.

Рүстем Төлеутаев, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басшысы, дәрігер- кардиохирург:

Республикалық орталықтар, ауруханалар барлығы осы күндер шеңберінде келіп Өзбекстанда көмектесіп, үйретіп тәжірибе алмасты. Медицина саласындағы ынтымақтастықты тереңдету шеңберінде жұмыс істеп жүрміз.


Бөлісу