Егемендік декларациясы - жаңа реформалардың негізі
Қазақстанда қазір жүргізіліп жатқан терең реформалар тәуелсіздік декларациясына сай жасалып жатыр. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі мен тәуелсіздігі: тарих, қазіргі кезең және дамудың жаңа қырлары» халықаралық конференциясында ғалымдар мен саясаттанушылар осындай баға берді.
Бүгінгі жаңғыру саясаты мен халық мүддесіне бағытталған реформалардың барлығы да тәуелсіздік идеясына негізделген. Бұл бағыт ел дамуының жаңа кезеңін айқындайды.
Марат Башимов, Мәжіліс депутаты:
Тәуелсіздік декларациясы қазіргі заманның өзінде маңызды болып тұр. Қазір Парламенттік реформа, мемлекеттік басқару саласындағы реформалар, оның барлығында сол тарихқа қарап тұрмыз. Әлеуметтік экономикалық саладағы өзгерістер бәрі халық үшін деген сол принцип қазір бірінші орында тұр.
Ал елдің әлеуметтік экономикалық бағытта өсуі басқа салаларға деген қызығушылықтың артуына алып келеді. Бұл әлемдік тәжірибеде дәлелденген тұжырымдама.
Еркебұлан Жұмашев, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары:
Біздегі реформалар да ол Қазақстанның қазіргі, сонымен қатар болашақтағы экономикалық, әлеуметтік, саяси нығайту бағытында жасалып отыр. Ол реформалар сәтті жүзеге асқан жағдайда бұл Қазақстан тарихына да Қазақстан мемлекетіне де, Қазақстан мәдениетіне де халықаралық аренада үлкен назар аударуға, қызығушылыған арттыруға, зерттеуге, Қазақстан тәжірибесіне жаңа импульс береді.
Ғалымдардың пікірінше, тәуелсіздік идеясы мен ел дамуындағы сабақтастық бүгінгі буынға да үлкен жауапкершілік жүктейді.
Күнсұлу Исинова, ҚР Президенті орталығының бөлім басшысы:
Жастарды еңбекке, білімге, адал еңбекке баулу өте қажет. Егер жастарымыз адал еңбектенсе, егемендігіміз дамиды, жастарымыз мемлекетіміздің дамуына үлкен үлесін қоса алады.
Сондай-ақ тарихшылар тәуелсіздіктің мәнін тек өткенді еске алу емес, болашаққа бағыт беретін бағдар ретінде қарастырған дұрыс дейді.
Нұрбек Пұсырманов, Мемлекет тарихы институтының директоры:
Біз жас ұрпақты қайда бағыттаймыз? Бүгін тарих тағылымы осыған да арналып отыр және бүгінгі күннің келбетінде жаңа атап көрсеткен әділетті Қазақстанның құндылықтары және болашаққа бағдар алуымыздың да бірден-бір себебі, біздің зиялы қауымның, ғалымдар, сарапшылардың пікірлері негізінде ұсыныстар дайындалады.
Тәуелсіздік декларациясында жазылған қағидаттар бүгінгі жаңғырудың да басты тірегі болып отыр. Еліміздің дамуы мен тұрақтылығы – осы тарихи сабақтастықтың нақты көрінісі, дейді мамандар.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жазғы лагерьлерге 3,7 млн оқушы барады
29.04.2026, 20:57
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті
29.04.2026, 20:51
100 мың түлек бір мезетте ағаш отырғызды
29.04.2026, 20:49
Елде дәрі-дәрмек өндірісі артады
29.04.2026, 20:47
5200 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді
29.04.2026, 20:10
Мәжіліс жеке сот орындаушыларына қойылатын талаптарды қатаңдататын заң жобасын мақұлдады
29.04.2026, 20:09
Qostanai tech - ғылым мен инновация алаңы
29.04.2026, 20:08
4600-ден астам адам ағза ауыстыруға зәру
29.04.2026, 20:07