«Агробизнес»: «Аграрлық несие корпорациясы» қаржылай қолдау көрсетеді
Аграрлық несие корпорациясы «Агробизнес» бағдарламасы арқылы тамақ өнеркәсібіндегі кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетіп келеді. Оған ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдейтін және азық-түлік өнімін өндіретін кәсіпорындар қатыса алады. Отандық тауар өндірушілерді қолдайтын бағдарламаның тиімділігі туралы келесі сюжетте толығырақ.
Кәсіпкерлер өз ісін сегіз жыл бұрын 40 шаршы метрлік кішкентай орында күлше пісіруден бастаған. Тынымсыз еңбектің арқасында жеке ғимарат салып, «ALANI» сауда белгісімен бисквит өнімдерін шығарып отыр. Тәттілер жергілікті табиғи шикізаттардан жасалады.
Сапура Ғұбашева, кондитер:
Мұнда жұмыс істеп жатқаныма 4 жылдай болып қалды. Мамандығым - кондитер. Дайын пончикке шоколадты ерітіп, әртүрлі жүрекше, жұлдызша қоспаларын себеміз.
Кәсіпорын «Агробизнес» бағдарламасы аясында Аграрлық несие корпорациясы арқылы қаражат алған. Бағасы мен сапасы, дәмі мен орамасы келіскен тәттінің 12 түрі облыстан бөлек, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Алматы қалаларына жіберіледі.
Айбол Жабуов, «Стимул+» кәсіпорнының бас технологы:
Аграрлық несие корпорациясы арқылы тағы да қаржыландыру алып, айналымдағы ақшаны толтыру мақсатында жұмыс істеп жатырмыз. Ауысымына бір тонна бисквит печенье жасаймыз және 1,5-2 тоннаға жақын печенье шығарамыз.
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы - Аграрлық несие корпорациясы арқылы биыл өңірге 17,2 млрд теңге қаражат бөлінген. Ал тамақ өнеркәсібіндегі кәсіпкерлерге 634 млн несие беріліп, толық игерілген.
Азамат Темірғалиев, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары:
«Агробизнес» бағдарламасы бойынша 1 млн теңгеден бастап несие беріледі. Жылдық пайыздық мөлшерлемесі - 5 пайыз. Несие мерзімі - 12 ай. Басты талаптардың бірі - шикізат тек отандық өндірушілерден сатып алынуы керек.
Мемлекеттен қаржылай қолдау көрген кәсіпкерлер
алдағы уақытта 300 грамдық әдепі қаптамадағы тәттінің жаңа түрлерін шығаруды көздеп
отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
