БҚО-да дрон құлады: Қорғаныс министрлігі бақылауды күшейтеді
Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданына дрон құлады. Белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылысы тіркелгені туралы Қорғаныс министрлігі растады. Оның қалдықтары елді мекеннен алшақ жерде табылған. Тұрғындардың айтуынша, жарылыстың дүмпу толқыны үйлерге де сезілген. Зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайын және нысанның шығу тегін анықтауға бағытталған тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Ал Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігін бақылауды күшейту және әуе нысандарының мемлекеттік шекараны рұқсатсыз кесіп өтуін болдырмау мақсатында қосымша шаралар қабылдады. Сондай-ақ бұл аппараттар тиесілі болуы мүмкін шетелдік серіктестермен консультациялар жүргізіліп жатыр.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысындағы Ақсу су қоймасының айналасына ағаш екті
04.11.2026, 17:28
Павлодардағы палеонтологиялық ескерткіш сын көтермейді
04.11.2026, 17:27
Ерекше қажеттілігі бар балалар орталығы ашылды
04.11.2026, 17:25
Дәрі-дәрмекті заңсыз саудалап жүрген 21 адам ұсталды
04.11.2026, 17:22
Ертеңнен бастап кей аймақта күн суытады
04.11.2026, 17:20
АҚШ: Демократтар басым түсті
04.11.2026, 17:18
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
04.11.2026, 17:17
Финляндияда Қазақстан Президентінің Жолдауын талқылады
04.11.2026, 17:15