Ақтөбе облысындағы жол апатына қатысты үкіметтік комиссия құрылды
Ақтөбе облысында болған жол апатының себебін анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Премьер-министр Олжас Бектенов оқиғаның мән-жайын анықтап, қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетуді тапсырды. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басшылық ететін комиссия құрамында Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау және Көлік министрлері, Ақтөбе облысы әкімі бар.
Бүгін Самара-Шымкент автожолындағы Белқопа ауылының маңында болған апаттан 12 адам қаза тапты. Оның екеуі бала.
Жүк көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, Жүргенов ауылынан Ақтөбе қаласына келе
жатқан «Газельді» соққан. Бес адам Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді.
Үшеуінің жағдайы ауыр.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17