АҚШ Ресейдің ірі мұнай компанияларына санкция салды
АҚШ Ресейдің ірі мұнай компанияларына ауқымды санкция жариялады. Құрама Штаттар қаржы министрлігінің дерегінше, санкцияларға Ресейдің Украинаға қарсы соғысты бейбіт жолмен аяқтауға ықылас танытпауы түрткі болған. Ресейлік компаниялардың АҚШ аумағындағы активтері бұғатталып, олармен жаңа транзакцияларға тыйым салынды. Бұған қоса, АҚШ-тың қаржы министрлігі Мәскеуді атысты шұғыл тоқтатуға үндеді.
Ал Трамп болса, Ресейге санкция жариялаудың сәті келгенін, мұны ұзақ күткенін
мәлімдеді. Сонымен бірге Трамп Путин соғысты тоқтатуға келіссе, санкцияларды
алып тастайтынын да атап өтті. «Рейтердің» хабарлауынша, Вашингтонның бұл
қадамынан кейін мұнай бағасы өскен. Өткен аптада Ұлыбритания да Ресейдің мұнай
компанияларын санкцияға алған еді.
Автор
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Қосымша білім беру орталықтарының жұмысын жүйелеу қажет
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54