Басты Жаңалықтар Абай облысында «Келешек мектебі» жобасы бойынша төртінші білім ошағы ашылады

Абай облысында «Келешек мектебі» жобасы бойынша төртінші білім ошағы ашылады

Аягөз қаласындағы №11 жалпы білім беретін мектепте «Келешек мектеп – кедергісіз орта» EduFest форматындағы Ашық есік күні өтті. Онда заманауи білім беру ортасын, тәжірибелік бағыттағы сабақ үлгілерін және оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік қабілетін дамытуға арналған жобалар таныстырылды. 600 орындық жаңа мектептің құрылысы толық аяқталып, ІІ тоқсанда оқушыларды қабылдайды. Үш қабатты жаңа нысан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерген. Бұл облыс бойынша қолданысқа берілетін төртінші білім ошағы.
Нұрғали Әзімбаев, Аягөз аудандық білім бөлімінің басшысы:

 Бұл жерге салынғаны осы аумаққа көпбалалы отбасыларға арнайы салынған 250 үй салынған. Ол жерде 700-800 бала бар. Әр үйде 5-6 бала. Соны қамту үшін осы жерге сұраныстың негізінде салынды. Бүгінгі күнге 400-дің үстінде бала жазылды. 
Мектепте 30 пәндік кабинет, 6 зертхана, 256 орындық асхана, 150 орындық акт залы бар. Спорт, оқу залдары заманауи үлгіде жабдықталған. Білім беру бір ауысымда, мемлекеттік тілде жүреді. Ашық есік күніне 100-ге жуық ата-ана мен 200 ден астам оқушы қатысты. Математика, физика, химия, ағылшын тілі мен көркем еңбек сынды пәндерден ашық сабақ ұйымдастырылды. Білім ошағында «Болашақ қабырғасы» аймағы құрылып, көпшілік ізгі тілектерін жазып қалдырады.

Аружан Қалмұратова, 10 сынып оқушысы:

Шығармашылық  жағынан оқушылар үшін музыка кабинетінде үрмелі, ұрмалы аспаптың түр-түрі бар. Және де спорт залы болсын немесе ІТ саласын таңдағандар үшін STEM кабинеттері. Менің айтқым келіп тұрғаны - бұл мектепте оқитын әрбір оқушы қай бағытта болса да, өзінің болашағы үшін дами алады.



Бөлісу