Республикалық бюджет қаржысының үштен бірі әлеуметтік салаға жұмсалады
Келесі жылы бюджеттен бөлінетін қаржының үштен бірі әлеуметтік салаға жұмсалады. Бүгін Мәжіліс 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті бекітті. Үкімет инфляцияны тежеуге де күш салады. Қазіргі 12-13%-тен екі жылда 5-7%-ке дейін төмендету жоспарланып отыр. Депутаттар барлық саланың кірісі мен шығынын қарады. Келер жылы ел қазынасына түсетін қаржыны 4,5 трлн теңгеге артттырып, 19 трлн теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.
Ерболат Саурықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Биылғы бюджеттік жоспарлаудың өзге жылдарға қарағанда сәл ерекшелігі бар. Жалпы, әлеуметтік саланы қолдау мәселесін азайтуды жоспарладық. Өйткені әртүрлі конференция, неше түрлі кездесулердің санын азайту қажет болып отыр.Ал шығыс көлемі шамамен 28 трлн теңге. Оның үштен бірі, яғни 10 трлн 700 млрд теңге әлеуметтік салаға жұмсалмақ. Соның ішінде 6 трлн 800 млрд теңге зейнетақы мен жәрдемақыға бөлінеді. Ал медицинаға 2 трлн 700 млрд теңге қарастырылған. Бұл биылғы жылдан 107 млрд теңгеге көп. Білім саласына 902 млрд теңге, сондай-ақ спортты дамытуға 263 млрд бағытталады.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Бұл жолы бюджет мемлекеттік жоспарлаудың реформалардың нәтижесінде қалыптасқанын айта кеткен жөн. Бюджет жобасы ұзақ жылдан бері алғаш рет Ұлттық қордан қосымша нысаналы трансферттерсіз әзірленіп отыр. Бұл толыққанды Ұлттық қордың қолдауынсыз бюджет дайындадық деген сөз.Бұған дейінгі бюджет жобасы 10 рет түзетілген еді. Соның кесірінен қаржы тиімсіз жұмсалды дейді Мәжіліс спикері. Енді Үкімет бюджетке қалаған уақытында өзгеріс енгізе алмайды. Яғни, бір салаға бөлінген қаржыны енді басқасына бағыттау деген болмайды.
Мұрат Әбенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бұл қаржының тиімді игерілуіне сеп болуы керек. Біз енді бюджетті қабылдап отырмыз, бірақ орындалуы енді баста назарда. Өкінішке қарай, қазір бір жағын жапсақ, екінші жағынан ақша ұрлана беретінін біз Үкіметке айттық. Сондықтан біз шектеу қойып отырмыз.Сондай-ақ бюджет шығыстарына талдау жасалмайды. Ерлан Сайыров осы уақытқа дейін бірде-бір сапалы сараптама берілмеді деп, Үкіметті сынға алды.
Ерлан Сайыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бюджет кодексінде нақты шығыстарды талдаудың бюджеттік, стратегиялық және инвестициялық түрі болуы керек деп, тайға таңба басқандай жазылған. Бірақ, өкінішке қарай, депутаттарға әкелген кезде бюджеттің тек сандық көрсеткіштері болды.Жұманғарин жүйенің жолға қойылмағанын жоққа шығармады. Бірақ Қаржы министрлігімен бірлесіп, бұдан былай бюджетке мұқият талдау жасап, үнемдеуге болатын қосымша резервтерді қарастыратынын жеткізді. Осылайша, жалпы ішкі өнімді орташа есеппен 5,3 процентке жеткізу көзделіп отыр. Үкімет инфляцияны да тежемек. Олжас Бектенов бұл ретте арнайы жоспар түзілетінін айтты.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
Қыркүйектің қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 12,9 пайызды құрады. Осы бағытта біз Ұлттық банкпен бірлесіп, тиісті іс-шара жоспарын жасап жатырмыз. Дайын болғанда, жуырда халыққа жариялаймыз.
Республикалық бюджеттен өңірлерді дамытуға енді
жылдағыдан көп ақша бөлінуі мүмкін. Депутаттар қосымша 30 млрд теңге қарастыруды
ұсынды. Ал «донор» 4 өңірдің қатарына Маңғыстау облысы қосылмақ. Осы өңірдегі өндіріс орындарынан
келген табысқа басқа облыстардағы жылу, электр желілері жаңғыртылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
