Бақыт Беделханның «Ауадағы жазу» атты кітабы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақыт Беделханның «Ауадағы жазу» атты кітабы жарық көрді

11.12.2018

«Ауадағы жазу». Осындай атаумен Алматыда халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ақын Бақыт Беделханның кітабы жарыққа шықты. Туындының тұсаукесері Жазушылар одағында өтті.

Шараға, белгілі қоғам қайраткерлері мен ақындар қауымы қатысып, шайырдың шығармашылығы туралы жүрекжарды лебіздерін білдірді. Кеш барысында Бақыт Беделханның «Ұлым, саған айтамын» моноспектаклі сахналанды. Ақынның қаламдас достары оның драматургиядағы шеберлігін жоғары бағалайды. 

Жарас Сәрсек, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері:

- Мәселен, өлеңмен бере алмайтын біраз дүниелер болады. Көрерменге, оқырманға жеткізу формасы ғой драматургия дейтін, ақынның өзінің жан дүниесі. Соны көрерменге жақынырақ түсінікті жағдайда жеткізу үшін, қаламгерлеріміз драматургиялық жанрларда да бағын сынайды.

Әсем ҚАБЫЛБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу