Атырауда «Береке Fest» акциясы ұйымдастырылды
Атырауда Республика күні қарсаңында «Береке Fest» акциясы ұйымдастырылып, тауарлар 30 пайыз төмен бағада сатылып жатыр. Науқанға 4 сауда орны мен 60-қа жуық ірі маркет қолдау көрсеткен. Басты мақсат – отандық өнімге деген сұранысты арттырып, азық-түлік бағасын тұрақтандыру. Әлеуметтік маңызы бар нан, макарон, кондитер, сүт өнімдері секілді 100-ге жуық тауар дүкен сөрелеріне қойылған. Акция қазан айының соңына дейін жалғасады.
Нина Свечникова, Атырау тұрғыны:
Акциямен берілгенін әрине құптаймыз. Енді одан да арзан болса, тіпті жақсы болар еді. Күнкөріске қажетті азық-түліктің бәріне жеңілдік бар екен.
Самат Емберген, облыстық Сауда және тұтынушылардың құқын қорғау департаментінің басшысы:
24-25 қазанда тұрмыстық техникалы бұйымдар сататын сауда орындарымыз Республика күніне орай «Republic day» акциясын өткізуді ұсынып отырмыз. Осы акция негізінде барлық тауарға 10 пайыздан бастау алатын жеңілдіктер қарастыру көзделген.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12