Премьер-министр өрттің алдын алу үшін бірқатар тапсырма берді
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында бір айдың ішінде халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары тұратын үйлердің тізімін нақтылауды тапсырды. Өткен жылыту маусымында өрттен қаза тапқандардың дені зейнеткерлер, жұмыссыздар, мүгедектігі бар адамдар екен. Тағы бір мәселе – ескірген тұрмыстық газ баллондарын пайдалану мен оларды таңбалау жұмысы. Елде газ баллондар өндіру және тозығы жеткендерін жою мәселесі әлі шешілмеген күйінде қалып отыр. Биыл төтенше жағдайлар қызметкерлері өрт орнынан шамамен мың жарым газ баллонын шығарып, апаттың алдын алды. Ал Үкімет басшысы әлеуметтік тұрғыда осал топтардың баспанасын ерекше бақылауға алуды қатаң тапсырды.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Өңір әкімдіктеріне Төтенше жағдайлар министрлігімен және Еңбек министрлігімен бірлесіп, бір ай ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын үйлердің тізімін нақтылауды тапсырамын. Өңір әкімдіктері осы санаттағы адамдардың үйлерін ерекше бақылауда ұстап, оларға қажетті қолдау көрсетсін.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00