Алматы туристік инновациялары үшін халықаралық марапатқа ие болды
«Алматы ең үздік туристік бағыт». Алматы Дүниежүзілік туризм марапатын иемденді. Арнайы марапатты Брюссельде Global Tourism Forum-ның Президенті Булут Багжы табыстады. Еске салсақ, Бельгия астанасында Дүниежүзілік туризм форумы өтуде. Басқосу аясында еліміздің Бельгиядағы елшілігі ұлттық стенд ұйымдастырып, шетелдіктерге елдің туристік әлеуетін таныстыруда. Алматы туризм бюросының өкілдері де Алматы мен Алматы облысының көрікті жерлерін, экотуризмі мен этнотуризмін жарнамалап жатыр.
Булут
Багжы, Дүниежүзілік туризм форумы институтының президенті:
«Алматы-Орталық Азиядағы ең үздік туристік бағыт» номинациясын жеңіп алғанына қуаныштымын. Біз Алматыға сапарлап, шаһардың тұрақты даму, көлік жүйесі мен туризм саласындағы бастамаларымен жақынырақ танысуға асықпыз. Өзім Алматыда, Шымбұлақта болдым. Жасыл қаланың инфрақұрылымы жоғарғы деңгейде. Саяхатшылар халықтың қонақжайлығына тәнті. Осы форумға Қазақстанның қатысып жатқаны қуантады.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16