Өзбекстанда келесі жылы халық санағы өтеді
Өзбекстан араға 36 жыл салып, халық санағын өткізеді. Науқан 2026 жылдың 15 қаңтарында басталып, 45 күнге созылады деп жоспарланған. Бүгінде дайындық шаралары басталып кетті. Көрші елде толық санақ соңғы рет 1989 жылы өткізілген. Алдағы халық санағында тұрғындар мен ауыл шаруашылығы бойынша деректер жиналады. Бір жылдан астам уақыт шетелде тұрып жатқан азаматтар, аккредиттелген өкілдіктер мен халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтіндер санаққа енгізілмейді. Сарапшылар халық санағы Өзбекстандағы әлеуметтік саясаттың одан әрі дами түсуіне жол ашады деп болжап отыр.
Симонетта Силигато, БҰҰ Жобалық қызметтер жөніндегі
кеңсесінің (UNOPS) өкілі, халықаралық сарапшы:
Соңғы 30 жылда кедейлік деңгейі айтарлықтай төмендеп, экономика, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік салаларда тұрақты даму байқалады. Мұның барлығы халықаралық қаржы институттарымен серіктестік орнатудың арқасында мүмкін болды.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тарихи құнды жәдігер табылды
11.06.2026, 10:25
Халықаралық «New Vision Forum 2026» форумы басталды
11.06.2026, 10:22
Сақтандыру мәртебесі жоқ азаматтар да онкоскринингтен тегін өтеді
11.06.2026, 10:20
Жыл басынан бері 475 адамды кене шаққан
11.06.2026, 10:18
Албания астанасы Тиранада мыңдаған адам шеруге шықты
11.06.2026, 10:17
Пәкістан әуе күштерінің шабуылынан 13 адам қаза тапты
11.06.2026, 10:15
АҚШ пен Иран әскерлері бір-біріне шабуыл жасады
11.06.2026, 10:14
Астанада халықаралық тау-кен металлургиялық конгресі басталды
11.06.2026, 10:11