Атырау облысында жаңа ықшам аудандарға инфрақұрылым толық жүргізілмеген
Атырау облысы Құлсары қаласындағы жаңа екі бірдей ықшам ауданында жол мен жарық мәселесі шешілмей тұр. Тасқыннан соң жаңадан бой көтерген «Болашақ» ықшам ауданында жол бір жерде бар, бір жерде жоқ. Көше жарығы жүргізілмеген. Қар мен жаңбыр жауса, айнала ми-батпаққа айналады. Қалаға қарай балалардың мектепке қатынауының өзі мұңға айналған. Өйткені жаңа мөлтекте білім ордасы әлі салынбаған. Қала іргесіндегі «Атырау» ықшам ауданының да жағдайы мәз емес. Мердігердің жауапсыздығынан жол құрылысы басталып, аяқсыз қалған. Шағын ауданда жер учаскелері 2018 жылы беріле бастады. Қазір мұндағы үйлердің саны 500-ге жетті. 7 жылдан бері мәселе реттелмеген.
Мәрзия Күжбанова, Құлсары қаласының тұрғыны:
Ертең жаңбыр жауса, балалар жүре алмайды. Сайдың ішімен кетеміз қазір. Жаңбыр жауатын болса, сайдың іші жүретін жері жоқ, су болып қалады, суға толып. Арғы жағымен айналып жүргенде 1-2 сағат жүреміз жолға қарай.
Дина Аманжолова, Құлсары қаласының тұрғыны:
Өте қиын. Көріп тұрсыздар ғой аялдама жоқ. Жолдың жартысы қырылып қалған. Міне, қиылып жатыр. Жолдың бәрін жартылай тастап кеткен. Көліктер кешке қатты жүреді. Ешқандай белгі жоқ.
Жауаптылардың сөзінше ықшам аудандарды жарықтандыру үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамаға жіберілген. Оң қорытынды шықса Құлсары қаласы бойынша 280 көшеге жалпы ұзындығы 134 шақырым көше жарығы жүргізіледі. Атырау шағын ауданындағы аяқсыз қалған 22 шақырым жолды салу үшін қазір қайтадан мердігер анықталып жатыр. Ал «Болашақ» ықшам ауданына жол келер жылы салына бастайды.
Қадыржан Адинов, Құлсары қаласының әкімі:
2018 жылы «Болашақ» ықшам ауданына жалпы ұзындығы 63 шақырымды құрайтын асфальт жол салу жұмыстарының жобалау-сметалық жасақталған болатын. Алайда сметалық құндардың өзгеруіне байланысты қазір түзетулер енгізіліп жатыр. 2026 жылы қаражаттың бөлінуіне қарай құрылыс жұмыстары басталатын болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
