Басты Жаңалықтар Үкімет отырысында ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мәселесі қаралды

Үкімет отырысында ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мәселесі қаралды

Дәл қазір Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтіп жатыр. Сол жерден Азамат Бейбітұлы тікелей байланысқа шығып, баяндайды.

Азамат Бейбітұлы, тілші:

Бүгінге екі тақырып бар.  Біріншісі, Ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту. Әуелі Жасанды инттелект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев баяндама жасады. Оның айтуынша, 2027 жылдың соңына дейін халықтың 100 пайызы интернетпен
қамтылады. Қазір еліміздегі ауылдардың 84 пайызында мобильді интернет
бар. Соңғы үш жылда телекоммуникация саласына 1 триллион
теңгеден астам инвестиция бағытталған екен. Бұдан бөлек, жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы да баяндалады. Өзекті мәселелер жайлы маңызды ақпараттарды алдағы эфирлерде тарқатып айтамын.
 

Бөлісу