Жаңа Салық кодексі кәсіпкерлерге несімен тиімді?
1 қаңтардан бастап салық органдары кәсіпкерлік тексерісті азайтады. Бұл жеңілдік жаңа Салық кодексінде қарастырылған. Енді камералдық бақылау деген болмайды. Яғни, бизнес иелері қаптаған құжат жинап, есеп тапсырмайды. Салық кодексінде өзге де өзгерістер жайлы дәл қазір Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының бас сарапшысы, экономист Әсел Әбеннен сұрайық.
Әсел Әбен, ҚР Президенті
жанындағы Қазақстанның стратегиялық
зерттеулер институтының бас сарапшысы, экономист:
Елімізде 2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Бұл шағын және орта бизнеске үлкен қолдау және тиімділігі бар. Өйткені, біріншіден, есептілік жүйесі жеңілдейді. Сонымен қатар кіші және орта бизнеске қатысты «таза парақ» қағидаты енгізіледі. Бұл кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндік ашады. Оның қатарында цифрландыру процесі бар. Бұл, әрине, көлеңкелі бизнесті таза нарыққа шығаруға көмек береді. Салық жүйесінің жеңілдеуі бизнеске қолдау көрсетіп отыр ғой. Сондықтан көлеңкелі экономикада жұмыс атқарып отырған бизнеске де мүмкіндік беріп отыр, оларды таза нарыққа шығаруға көмек береді.
Бұл реформалар қай салаға көбірек әсер етеді деп есептейсіз?
Көбінесе бұл сауда және қызмет көрсету саласымен байланысты. Сонымен қатар, транспорт, логистика, құрылыс салаларымен байланысты. Өйткені осы салаларда көлеңкелі экономиканың үлесі көп. Декларация бермей және басқа да жағдайларға байланысты өз кірістерін көрсетпей отырған кәспкерлер бар. Осыған байланысты, әрине, осы салаларға бірінші кезекте әсерін тигізеді.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионаты $40 млрд пайда әкелуі мүмкін
17.04.2026, 17:35
«SuperStar KZ» жобасына іріктеу жалғасып жатыр
17.04.2026, 17:33
«Кітап оқитын спортшы» жобасы басталды
17.04.2026, 17:30
Қазақстандық өнертабыс жаһандық байқауда үздік үштікке енді
17.04.2026, 17:27
Жас ғалымдар қазақ тілін ғылым тіліне айналдырғысы келеді
17.04.2026, 17:25
Алматыда дронмен зерттеу жүргізетін орталық ашылды
17.04.2026, 17:22
Ақмола облысындағы 6 ауыл жол азабын тартып келеді
17.04.2026, 17:20
Түркістан облысында канал жақтаулары опырылып жатыр
17.04.2026, 17:17