Алматыда құқық бұзушылықтың алдын алатын жобалар көрмесі өтті
Қазақстанда алғаш рет құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша отандық және шетелдік жобалардың көрмесі өтті. Алматыда ұйымдастырылған шарада мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған 45 жоба таныстырылды. «Алдын алу күндері» – қылмыстың алдын-алу және оған қатысты тақырыптарға арналған жыл сайынғы көрме. Германияда бұл шара 30 жыл бойы өткізіліп келеді. Ол 1995 жылы осы салада тәжірибе алмасу мақсатында жыл сайынғы дәстүрлі конгресс ретінде құрылған. «Алдын алу күндері» бүгінде тәжірибесі, зерттеулер мен саясат бойынша ақпарат алмасуға арналған әлемдегі ең ірі алаң ретінде танылған.
Жанат Дилбарханова, ІІМ Алматы академиясы басшысының орынбасары:
Тек қана полицияның жұмысы емес, қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Әр адам өзінің үлесін қосса, осындай мақсатқа жетеміз деген ойдамыз. Осы жерде эксперттер бір-бірімен танысып, тәжірибемен бөлісіп, кейбір идеяларды талқылап, сондай мақсатта ұйымдастырылған.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Павлодарлық «Жасыл ел» жасақтары тың тәсілдерге қанықты
20.10.2026, 17:25
Амазон өзеніне мыңдаған тасбақа жіберілді
20.10.2026, 17:23
Пара үстел теннисіндегі тарихи нәтиже
20.10.2026, 17:20
Маңғыстаудағы «Қызылсай» табиғи паркін дронмен бақылайтын болды
20.10.2026, 17:19
7 жылда 1 млн-дай отбасы баспаналы болды
20.10.2026, 17:17
Республика күні: Тарихи сабақтастық пен стратегиялық бағдар
20.10.2026, 17:15
Атырау өңіріндегі алпауыт балық зауытын жаңартып жатыр
20.10.2026, 17:14
Елде су қоймалары көбейді
20.10.2026, 17:12