ШҚО-да ₸2 млрд ұрлағандарға қатысты тергеу басталды
Шығыс Қазақстан мен Абай облысындағы 11 әлеуметтік нысанның құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облыстық департаменті хабарлады. Күдіктілердің қатарында – «QazConstructions» серіктестігі бұрынғы директорының орынбасары, Күршім ауданы мәслихатының депутаты бар. Алдын ала тергеу мәліметінше, жемқорлық күдігіне ілінгендер екі облыста төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 20 мыңнан астам адам тұратын жеті ауылды сумен қамтуға арналған құбыр желілерін пайдалануға бермеген. Жымқырылған қаржының жалпы сомасы 2 миллиард теңгеден асады. Бюджетке қол салғандар өздерінің байланысы бар компаниялар арқылы қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырылған. Қылмыстық жолмен алынған табысқа Астанадағы қымбат санаттағы тұрғын үй кешендерінен пәтерлер, «Lamborghini Urus», «Cadillac Escalade», «Mercedes» автокөліктері мен асыл тұқымды жылқылар сатып алынған. Бұл мүліктерге сот санкциясымен тыйым салынды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
