Вашингтонда Түркі халықтарының фестивалі өтті
Америкалықтарды баураған балдырған қазақ қыздары. АҚШ астанасы Вашингтонда өткен Түркі халықтарының фестивалінде мектеп жасындағы қазақ қыздарынан құралған «Гүлдер» би тобы алғаш рет өнер көрсетті. Алты мен тоғыз жас аралығындағы қыздар тобы «Ерке қыз» биімен көрерменді тәнті етсе, он мен он екі жас аралығындағы жасөспірім бишілер «Әлқисса» биімен жұрттың қошеметіне бөленді. Бұл топтар Америкада жеті жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан қазақ «Гүлдер» би тобының шәкірттері. Осы елдің заң шығарушы органы – Капитолидің жанында болған шарада түбі бір түркі жұртының ұлттық салт дәстүрлері де паш етіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жыл сайын фестивальді көру үшін 20 мыңға жуық адам жиналады.
Автор
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10