Жамбыл облысында 510 шетелдік көші-қон заңнамасын бұзған
Жамбыл облысында 500-ден астам шетелдік азаматтың көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталды. Олардың басым бөлігі ел аумағында құрылыс жұмысымен айналысып, нәпақа айыруға келген. «Заңсыз келуші-2025» жедел-профилактикалық шарасы аясында 477 адам айыппұл арқалады.
Оның 385-і ТМД елдерінің, ал 92-і алыс шетелден келген. Сот шешімімен 125 адам елден шығарылды. Бұл ретте сырт ел азаматтарының елде болу мерзімін бұзуына жағдай жасағандар да жауапқа тартылды. Ал мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту дерегі бойынша екі, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бойынша бір қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ халықаралық іздеуде жүрген үш шетел азаматы ұсталды.
Мөлдір Елеуқұлова, Жамбыл облысы ПД көші қон басқармасының инспекторы:
Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 518-ші бабының талаптарын бұзған 125 қазақстандық, сондай-ақ ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 519-ші бабының талаптарын бұзған 33 қазақстандық жауапқа тартылды.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысындағы Ақсу су қоймасының айналасына ағаш екті
04.11.2026, 17:28
Павлодардағы палеонтологиялық ескерткіш сын көтермейді
04.11.2026, 17:27
Ерекше қажеттілігі бар балалар орталығы ашылды
04.11.2026, 17:25
Дәрі-дәрмекті заңсыз саудалап жүрген 21 адам ұсталды
04.11.2026, 17:22
Ертеңнен бастап кей аймақта күн суытады
04.11.2026, 17:20
АҚШ: Демократтар басым түсті
04.11.2026, 17:18
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
04.11.2026, 17:17
Финляндияда Қазақстан Президентінің Жолдауын талқылады
04.11.2026, 17:15