Париждегі Лувр музейін тонап кетті
Жексенбі күні таңертең белгісіз біреулер Париждегі Лувр музейін тонап кетті. Зергерлік бұйымдар мен басқа да құнды дүниелерді ұрлауға қарақшылар небары жеті минут жұмсаған.
Прокуратура жоғалған заттардың тізімін жариялады. Олардың арасында Наполеон Бонапарттың әйелінің алқасы мен сырғалары, король Луи-Филипп Біріншінің жұбайы мен Наполеон Үшіншінің анасы және императрица Евгения киген тәждер бар.
Жергілікті полицияның дерегінше, ұрылар Луврдың екінші қабатына кранмен көтеріліп, ішке терезеден кірген. Қолды болған қазынаның жалпы құны әзірге белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысындағы Ақсу су қоймасының айналасына ағаш екті
04.11.2026, 17:28
Павлодардағы палеонтологиялық ескерткіш сын көтермейді
04.11.2026, 17:27
Ерекше қажеттілігі бар балалар орталығы ашылды
04.11.2026, 17:25
Дәрі-дәрмекті заңсыз саудалап жүрген 21 адам ұсталды
04.11.2026, 17:22
Ертеңнен бастап кей аймақта күн суытады
04.11.2026, 17:20
АҚШ: Демократтар басым түсті
04.11.2026, 17:18
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
04.11.2026, 17:17
Финляндияда Қазақстан Президентінің Жолдауын талқылады
04.11.2026, 17:15