Алматыда атпен мәнерлеп жүру спортынан Чемпионат өтті
Алматы облысында атпен мәнерлеп жүру спортынан Чемпионат өтті. Республикалық шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 47 шабандоз жиналды. Үш күндік жарыста қатысушылар: балалар, жасөспірімдер және ересектер санатында бақ сынасты. Он бес жастағы Линара Төлеген сайыста көзге түсті. Ол тоғыз жылдан бері ат спортымен айналысып келеді. Жас спортшы 10 ұпай алып, төрешілердің жоғары бағасына ие болды. Мұндай баға ат пен шабандоз арасындағы мінсіз үйлесімділікті білдіреді, дейді ұйымдастырушылар.
Линара Төлеген, шабандоз:
Мұнда жылқыны басқару үшін алдымен жануарды толық сезіне білуің керек. Сайысқа жылға жуық уақыт дайындалдым. Бұл спорт адамның сабырын сынайды.
Азат Толқынбеков, ұйымдастырушы:
Атпен мәнерлеп жүру – жылқы мен адамның үйлесім табу өнері. Мұнда ырғақ, тепе-теңдік және дәлдік басты назарда. Сол себепті бұл спорт түрін жиі «жылқы үстіндегі балет» деп атайды. Чемпионат Халықаралық ат спорты федерациясының ережесіне сай өткізіліп жатыр. Мұндай стандарттар бүгінде ат спорты мектептерінің оқу бағдарламасына енгізілген.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04