Басты Жаңалықтар Үздік құтқарушылар марапатталды

Үздік құтқарушылар марапатталды

Шымкентте Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығы мен Құтқарушылар күні ерекше салтанатпен аталып өтті. Мерекелік шарада өз өмірін қауіпке тігіп, өзгелердің өмірін сақтап қалған батыр құтқарушылар марапатталды.

Салтанатты жиында Төтенше жағдайлар саласында ұзақ жыл еңбек етіп, талай адамның өмірін сақтап қалған қызметкерлер ерекше құрметке бөленді. Бірқатар мамандар ТЖМ төсбелгіреімен, арнайы медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Қала әкімі құтқарушыларды мерекелерімен құттықтап, департаментке арнайы 2 автокөліктің кілтін табыстады.

Бекзат Қамбаров, қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары:

Шымкент ТЖД жақсы жыл болды деп айтуға болады. Шілде айында бізге жергілікті атқарушы органдардың тарапынан 38 өрт сөндіру техникасы берілді. Республикалық бюджеттен бізге 10 техника бөлініп, қазіргі таңда Шымкент ТЖД техникалық қамтамассыз етілу жағдайы осының себебінен 100 пайыз толып отыр.

28 жыл бойы төтенше жағдайлар саласында қызмет еткен Орынбасар Төртбаев талай сынақтан өтіп, нағыз кәсібінің шеберіне айналған. Қазір ол өз тәжірибесін жас құтқарушыларға үйретіп, үлгі болып келеді. Ізін жалғаған туған бауыры да бүгінде сүңгуір болып қызмет атқаруда. Ерен еңбегі еленіп, құтқарушы төс белгісімен марапатталды.

Орынбасар Төртбаев, қалалық ТЖД Жедел құтқару жасағының басшысы:

23-24 жасымда жұмысқа кірдім. Бұрынғы уақытпен салыстыруға, әрине болмайды. Ол кезде техникалар, автокөоліктер мен құрал саймандар жетіспейтін. Арасы тау мен көктей ғой, қазір көп жағдайлар жасалып жатыр.

Шымкент қаласында 10 өрт сөндіру бөлімі жұмыс істейді, мыңға жуық қызметкер тәулік бойы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.  Қазіргі таңда жергілікті әкімдіктің қолдауымен 6 жаңа өрт сөндіру бөлімі салынып жатыр,  үшеуінің құрылысы биыл аяқталады.

Бөлісу