Ұстаздар шеберліктерін шыңдады
Өскеменде кәсіптік және техникалық білім беретін ұстаздар арасында сайыс өтті. Оған еліміздің 8 өңіріндегі колледжде сабақ беретін 150 педагог қатысып тәжірибе алмасып, шеберліктерін көрсетті. Республикалық форум жұмысшы мамандығы жылына орай арнайы ұйымдастырылды.
Сайыс түрінде өткізілген форумға әр өңірдегі техникалық білім беретін колледждің білікті ұстаздары қатысты. Сондықтан әр маманның кәсіби шеберлігі мен теориялық білімі қатар сыналды. Қажымұқан Әбішев Маңғыстау облысындағы көлік пен логистика салысына қажет маман даярлайтын оқу орнында ұстаз.
Қажымұқан Әбішев, Политехникалық колледждің оқытушысы:
Кәсіби шеберлік чемпионатының маңыздылығы біз секілді жас педагогтар үшін өз құзіреттілігімізді жоғары деңгейде өз саламыз бойынша қарқынды бағытта дамытуға өз септігін тигізеді деген сенімдеміз.
Соңғы 10 жылда техникалық мамандарды даярлау жаңа деңгейге көтерілді. Өйткені қазір зауыт-фабрикалардың көбі заманауи технологияға көшкен. Тіпті жасанды интеллектіні енгізе бастады. Ал дуальді оқытуға жаппай көшіп жатыр.
Нұрдәулет Жанайдаров, «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамның басқарма төрағасы:
Биылғы жылы жалпы колледждерге қамқорлық жасайтын мекемелер саны 4 мыңнан аса межеге жеткен болатын. Шефтік қамқорлық шеңберінде дуалды оқытуды дамыту колледждердің материалдық-техникалық базасын жаңартуда, нығайтуда кәсіпорындар тарапынан көптеген көмек жүзеге асырылып жатыр.
Республикалық форумының Өскеменде өткізілуінің де өзіндік
мәні бар. Өңдіріс көп шоғырланған өңірде 38 колледжде 20 мыңға жуық студент
білім алып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
