Миға жоғары дәлдікпен операция жасайтын робот жұмысын бастады
Қарағандыда миға жоғары дәлдікпен операция жасайтын нейрохирургиялық робот қолданысқа берілді. Жасанды интеллектпен жабдықталған құрылғы миға жасалатын ең күрделі операцияларды миллиметрлік дәлдікпен орындай алады. Мұндай робот дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, оған енгізілген медициналық деректерді өздігінен талдай алады. Жаңа жүйе жылына 300-ден астам нейрохирургиялық операция жасайды. Дәрігерлер жаңа қондырғыны игеру үшін арнайы оқудан өтіп, олар Қытайға барып, сынамалық операцияларға қатысқан.
Еркін-Дәуір Құрманғалиев, Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана директоры:
Біздің дәрігерлер жаңа құрылғыны қолдануға дайын. Робот Паркинсон ауруы мен эпилепсия дертіне шалдыққан науқастарға, сондай-ақ ми ісігі бар адамдарға күрделі операциялар жасай алады. Бұл дәрігерлеріміздің жұмысын жеңілдетері сөзсіз.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі шықты
23.10.2026, 13:15
Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар
23.10.2026, 13:12
Мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары ашылады
23.10.2026, 13:10
Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты
23.10.2026, 13:08
Бельгиядағы қазақстандық студенттер тың бастама ұсынды
23.10.2026, 13:05
Қыста елорда тазалығына 1500 адам жұмылдырылады
23.10.2026, 13:02
Елде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді
23.10.2026, 13:00
Елордада «Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25