Азық-түлік қолжетімді бағамен сатылып жатыр
«Береке Fest» акциясы Жамбыл облысында да ұйымдастырылды. Азық-түлік бағасын тұрақтандыруға арналған шараға Тараз тұрғындары дән-риза.
Қаладағы 20-ға жуық сауда желілерінде әлеуметтік маңызы бар тауарлар жеңілдікпен сатылып жатыр. Акцияның арқасында отандық өнімдерге деген сұраныс артқан. Ірі дүкендерде тұрмыстық заттардың бағасы тиімді болғандықтан тез таусылып кетіп жатыр. Есесіне кәсіпкерлер қоймадағы заттар сұранысқа сай сауда сөрелеріне қойылып жатқанын айтады. Айта кетейік, «Береке Fest» акциясы қазанның 30-ына дейін жалғасады.
Әмина Іңкәрбекова, қала тұрғыны:
Науқан жүріп жатыр екен, көңіліме өте қонымды. Май алдым, көкөністер алып жатырмын. Тәттілер алдым, өте жақсы. Көпшілікті Республика күнімен құттықтаймыз! Еліміз өркендей берсін. Мына акция сол мерекеге орай дұрыс ұйымдастырылған.
Луиза Ғазизжанқызы, қала тұрғыны:
Иә, Тараз қаласында «Береке Fest» науқаны жүріп жатқанын байқадым. Бүгін дүкендерді аралап қарасам, кәдімгідей 10-15%-ға дейін жеңілдік бар екен. Бұл менің ойымша халықтың қалтасына көптеген жеңілдік түсіреді. Осындай науқандар жүре берсе деймін.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16