Оңтүстік Кореяда Alatau City жобасы таныстырылды
Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында Alatau Rise With Kazakhstan Forum өтіп жатыр. Шараның ашылуына Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев қатысып, инвесторлар мен серіктестерге жаңа Алатаu City жобасын таныстырды. Қыркүйек айында Президенттің арнайы Жарлығымен Алатау қаласына - даму қарқыны озық қала деген арнаулы мәртебе берілген еді. Alatau City болашақта технологиялық компаниялар мен экспортқа бағытталған өндірістердің орталығына айналмақ. Форумда Қанат Бозымбаев электроника, жаңартылатын энергия, медицина, білім және қалалық сервистерді цифрландыру салаларында корей компанияларымен әріптестікті дамытудың үлкен әлеуеті бар екенін атап өтті.
Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
Бүгінде Кореяның 800-ден астам компаниясы Қазақстанның барлық өңірлерінде энергетика, құрылыс, қаржы, денсаулық сақтау, автокөлік және жоғары технологиялар салаларында табысты жұмыс істеуде. Біз бірлескен жобаларды кеңейтуге, Кореяның өнеркәсіптік және энергетикалық компанияларын тартуға мүдделіміз. Өзара тиімді ынтымақтастыққа ашықпыз және сіздерді ұлттық Alatau City жобасына қатысуға шақырамыз.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Испания Әлем чемпионы атанды
20.07.2026, 20:28
БҚО-да автогаз толтыру компрессорлық стансасы салынды
20.07.2026, 20:18
Шымкентте аптапта тағам арқылы таралатын инфекция көбейді
20.07.2026, 20:15
«Алматы – Бішкек» халықаралық автожолы кеңейтіледі
20.07.2026, 20:14
АҚШ-та шетелдік студенттер мен журналистерге талап күшейтілді
20.07.2026, 20:12
Еуропа одағы AliExpress компаниясына рекордтық 550 миллион еуро айыппұл салды
20.07.2026, 20:11
Зейнетақы реформасы: 2027 жылдан бастап инфляция айырмасын өтеу бағдарламасы оңтайландырылады
20.07.2026, 20:10
Аллергияға шалдыққандар қатары 1,5 есе өсті
20.07.2026, 20:08