Жинаққа 60 автордың 180 кескіндемесі енгізілген. Қылқалам шеберлерінің туындыларын іріктеу «Жаһандану әлеміндегі заманауи қазақстандық мәдениет» тақырыбына сәйкес жүргізілді. Қазылар құрамында халықаралық деңгейде мойындалған сарапшылар болды. Жалпы, үздіктерді анықтау барысында 250-ден астам суретшінің 500-дей еңбегі түскен.
Үмітхан Мұңалбаева, Ұлттық академиялық кітапхана директоры:
- Суретшілер арқылы біздің әдебиет пен мәдениетті және біздің тарихымызды көрсететін кітаптың бүгін тұсауы кесілді. Ғылыми-зерттеу институтының үлкен еңбегі.
Нысаналы ЫҒЫЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.